«Қостанай қ. №2 мектеп-лицейінің дарынды балаларды анықтау және дамыту жұмыс жүйесі» вебинары

    «Қостанай дарыны» ӨҒПО жұмыс жоспарына сәйкес 2020 жылғы 10 сәуірде «Қостанай қ. №2 мектеп-лицейінің дарынды балаларды анықтау және дамыту жұмыс жүйесі» вебинары өтті.

    Мектеп педагогтары мен оқушылары мектеп жағдайында да, пәндік сабақтарда да дарынды балалармен жұмыс жүйесін ұсынды, желілік жобаларды құру тәжірибесімен және жобаларды жазу жетістігінің критерийлерімен бөлісті.

    Вебинар барысында мынадай сұрақтар қаралды: 

    Мектеп-лицейдің дарынды балаларды анықтау және дамыту бойынша жұмыс жүйесі.

    Г.В. Сочнева, директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары

    Химия сабақтарында оқушылардың зияткерлік дарындылығын дамыту

    Н.В. Беспальчук, химия мұғалімі, шебер-педагог

    Желілік жоба оқушылардың зерттеу дағдыларын қалыптастыру тәсілі ретінде 

    Г.С. Алпысбаева, биология мұғалімі, зерттеуші-педагог

    Табысты ғылыми жобаны қалай дайындау керек.

    В. Шадрин, 10 сынып оқушысы, 8-10 сынып оқушылары арасында Республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінің жеңімпазы,

     «Россия – Азия – Африка - Латинская Америка: экономика взаимного доверия» Х Еуразиялық экономикалық жастар форумы аясында оқушылардың «Дебют в науке» атты халықаралық зерттеу жұмыстар мен жобалар конкурсының жүлдегері.

    Вебинарға барлығы 94: облыстың 13 өңірі, оның ішінде Алтынсарин, Жітіқара, Федоров аудандарының білім бөлімдері, дарынды балалармен жұмыс істейтін білім беру ұйымдары мен педагогтары қосылды.

    Вебинар материалдарын «Қостанай дарыны» ӨҒПО сайтынан «Виртуалдық білім беру орталығы – Вебинарлар» көруге болады.