«Білім беру қызметіндегі толықтырылған шындық»вебинары
2020 жылдың 13 мамыр күні «Білім беру қызметіндегі толықтырылған шындық» вебинарының екінші бөлімі өтті. Вебинар информатикамен айналысатын оқушылар мен педагогтерге арналған.
Жаттықтырушы - Андрей Александрович Иващенко, «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының информатика пәні мұғалімі.
Вебинар практикалық сипатында өтті. Қатысушылар стандартты бағдарламалар мүмкіндіктері мен олардың вебинар тақырыбы щеңберіндегі мүмкіндіктерімен танысты, ARGIN бағдарламасындағы жұмысын жалғастырды.
Сабаққа Қостанай, Арқалық қалаларынан, Әулиекөл, Қамысты, Меңдіқара, Науырзым аудандарының білім беру ұйымдарынан 25 оқушы мен педагог қатысты.