«Дарынды оқушылармен жұмыста цифрлық технологияларды пайдалану» атты вебинары

     

      

     

    2021 жылдың 16 қазанында «Дарынды оқушылармен жұмыста цифрлық технологияларды пайдалану» атты облыстық вебинар өтті.

    Вебинар жас мұғалімдерге арналған болатын.

    Вебинардың мақсаты: педагогтерді дарынды балалармен жұмыс жасауда цифрлық технологияларды қолдануға үйрету

    Вебинар модераторы: С. Пернебаев, дарынды балаларға арналған Білім-Инновация лицей-интернаты директорының орынбасары.

    С. Пернебаев вебинар қатысушыларына Trello платформасының мүмкіндіктері туралы айтып берді. Бұл платформа ірі жобаның кезеңдерінен бастап ұсақ міндеттерге дейін ұйымдастыруға көмектеседі. Бұл кез-келген жерден, тіпті ұялы телефоннан да жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Орындауды талап ететін тапсырмалар карточка түрінде ұсынылған. Trello карточкасы жұмысты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі: тапсырмаларды бақылау, олармен басқару және топ мүшелерімен ақпарат тарату.

    Вебинарға облыстың 13 өңіріндегі 18 білім беру ұйымдарынан 36 педагог қосылды. Осы тақырып бойынша екінші сабақ ағымдағы жылдың 20 қарашасына жоспарланған.

    Вебинардың бейнесін «Қостанай дарыны» ӨҒПО арнасынан табуға болады.