«Дарынды балалармен жұмыс тиімділігін арттыру әдістері» облыстық вебинары
2023 жылдың 24 наурызында «Дарынды балалармен жұмыс тиімділігін арттыру әдістері» атты облыстық вебинар өтті.
Дарынды балалармен жұмыс жүргізу тәжірибесімен Меңдіқара ауданының А. Шотаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясының педагогикалық ұжымы бөлісті.
Педагогтар мектепте дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс жүйесі туралы (А.К. Уразбаева, директордың ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары), мектептің ғылыми қоғамының жұмысы арқылы (И.Г. Шумилейко, оқушылардың ғылыми қоғамының жетекшісі), ғылыми жарыстар мен олимпиадалардың әртүрлі нысандары арқылы жоғары ынталы балалармен жұмыс істеу нысандары мен әдістері туралы (М.Н. Шрамко, директордың ОЖ жөніндегі орынбасары), оның ішінде лингвистикалық бағыттағы (К.Б. Ахметбекова, Р.А. Балтабаева, қазақ және ағылшын тілдерінің мұғалімдері) баяндама жасады. Сонымен қатар, мектеп психологы (Ж.С. Джанатаева) дарынды балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау жөнінде әңгімелеп берді.
Вебинарға облыс ұйымдарынан 20 педагог қатысты. Вебинардың бейнежазбасын төменде көрсетілген сілтеме арқылы «Қостанай дарыны» ӨОӘО арнасынан қарай аласыз: https://www.youtube.com/channel/UCO1qP9cEQ23yWDWbBRMNBSQ.