Қ. Сәтбаев атындағы Х аймақтық олимпиада

    Көрнекті ғалым және ғылымды ұйымдастырушы, Ғылым академиясының тұңғыш президенті, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаев атындағы олимпиада 2022 жылғы 27-30 мамыр аралығында Павлодар облысы Баянауыл кентінің «Жас дәурен» оқу-сауықтыру кешенінде өтті.

    Қостанай облысының намсын Дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 5 оқушысы: Әбдіқадыр Таир, Кадралинов Әлібек, Красильников Илья, Саматов Алихан, Яхуда Жанахмет қорғады. Жас зияткерлер математика, физика, география, биология, химия және информатика пәндерінен сынға түсті.

    Олимпиаданың басты ерекшелігі математика және жаратылыстану бағытындағы пәндер бойынша интеграция. Жаратылыстану бағытындағы олимпиаданың нәтижелері бойынша Илья Красильников (биология) ІІ дәрежелі диплом иегері, Яхуда Жанахмет (география) ІІІ дәрежелі диплом иегері атанды.

    Олимпиада жүлдегерлерін құттықтаймыз және алдағы уақытта табыс тілейміз!