Қазақстан тарихы пәнінен қашықтық олимпиаданың қорытындысы

     

      

     

    2021 жылдың 15-16 қарашасында 7-10 сынып оқушыларына арналған Қазақстан тарихы пәнінен облыстық қашықтық олимпиадасы өтті.

    Олимпиадаға облыстың барлық өңірлерінен 2 729 оқушы, оның ішінде ауыл мектептерінен -  1755 қатысушы (немесе 64,3 %) қатысты. Ең белсенді өңірлер Рудный қаласы (474 оқушы), Арқалық қаласы (421 оқушы) және Жангелдин ауданы (285 оқушы) атанды. Оқушылар арасында ең белсенділері 9-сынып оқушылары - 775 қатысушы.

    469 оқушы олимпиада жүлдегерлері атанды, олардың 116-сы 1-орын, 168- і екінші және 185-і үшінші орын алды. Өңірлер арасында Сарыкөл ауданының оқушылары жоғары нәтиже көрсетті (60,9%).

    Барлық қатысушылар сертификат алды, ал жүлдегерлерге «Қостанай дарыны» ӨҒПО дипломдары дайындалатын болады.

     

     

    ИТОГИ