«Qabilet» қызметі Науырзым ауданының мектеп психологтары үшін онлайн-семинар өткізді

     

    2023 жылдың 28 наурызында «Қостанай дарыны» ӨОӘО әдіскерлері Ақанбаев Бағлан Нұрланұлы мен Жұмабаева Динара Амандыққызы Науырзым ауданының білім беру ұйымдарының мектеп психологтары үшін «Qabilet» қызметінің диагностикалау әдістемелері және платформасымен жұмысты түсіндіру бойынша онлайн-семинар өткізді.

    6 педагог-психолог «Qabilet» қызметінің 7-11 жастағы балалардың қабілеттерін диагностикалаудың техникалық бөлігі ұсынымдарымен танысты, тестілеуде ұсынылған әдістемелерді және 10-11 жастағы балаларға арналған психологиялық жаттығуларды, 4К шеңберінде даму қабілеттерін зерделеді.