«ITSkills» облыстық ақпараттық технологиялар фестивалінің қорытындысы

    2020 жылғы  25 қаңтардан 26 қаңтарға дейін  «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты базасында «ITSkills» облыстық ақпараттық технологиялар фестивалі өтті.

    Фестивальға 15 аудан қатысты, 14 командадан 57 қатысушы: 15 жетекші, 6 сыныптың 42 оқушысы.

    Екі күн ішінде фестиваль қатысушылары бірнеше тапсырмаларды орындайды. Бірінші күні команданың әр қатысушысы шеберлік сыныптарының бірінде жұмыс істейді:

    • «Робототехника» (қатысушы сумо ұрыстарына қатысатын роботты жинау керек болды);
    • «Графикалық дизайн және бейнемонтаж» (роботты жарнамалау үшін флайер әзірлеу);
    •  «Web-дизайн және бағдарламалау» (белгілі мазмұнмен сайт құру).

    Осы күні команда жиналғаннан кейін қатысушылар бұрын алған білімдерін пайдалана отырып, өздерінің шығармашылық жобасын әзірлеуі тиіс болатын.

    Фестивальдің екінші күнінде шығармашылық жобаларды қорғау және қорытынды шығару қарастырылған.

       Фестиваль қатысушыларын қазылар алқасы бағалады:

    1. Жарлықасов Бахтияр Жұмалыұлы - жаратылыстану ғылымдарының магистрі, Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің ақпараттық жүйелер және информатика кафедрасының аға оқытушысы
    2. Сибанбай Абай Мұхтарұлы - тіл мектебі мен «Step» бағдарламалау мектебінің оқытушысы
    3. Шестаков Василий Юрьевич - Қостанай облысы әкімдігінің білім сапасын бағалау және ақпараттандыру орталығының жетекші сарапшысы.

    «ITSkills» облыстық ақпараттық технологиялар фестивалінің жүлдегерлері:

      I орын – Федоров ауданының командасы (Вишневский Валерий Владимирович, Лунев Александр, Юсупов Даниярбек, Штельваг Александр)

                     II орын - Қостанай ауданының командасы (Молдажанова Гүлнар Жақсылыққызы, Воропаев Кирилл, Кильтаев Руслан, Попова Елена)

                     II орын – Алтынсарин ауданының командасы (Андреев Артем Сергеевич, Гордеев Данил, Шевелев Николай, Шилова Ксения)

                    III орын – Қарабалық ауданының командасы (Лысенко Владимир Алексеевич, Засименко Александр, Каримова Валерия, Кутлембетова Дайана)

           «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты фестивальдің қола жүлдегерлерін дипломдармен және блокноттармен, күміс жүлдегерлерін дипломдармен және фестивальдің логотипі бар кружкалармен марапаттады.

                      Алтынға ие болған жүлдегерлерді марапаттауға  тіл мектебі мен «Step» бағдарламалау мектебінің демеушілері жеңімпаздарға естелік рюкзактар сыйлады.

    Фестивальдің жабылу салтанатында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы басшысының орынбасары Айтмағамбетов Ермек Жылгелдіұлы құттықтады.

    Сонымен қатар, «Бейінді-сыныптағы үздіктер» номинациясындағы үздік қатысушылар анықталды:

    • «Web-дизайн және әзірлеме» - Черныш Алексей (Денисов ауданы)
    • «Web-дизайн және әзірлеме» – Каракиян Константин (Лисаковск қ .)
    • «Робототехника және бағдарламалау» - Кильтаев Руслан (Қостанай ауданы)
    • «Робототехника және бағдарламалау» - Ердәулет Әлішер (Лисаковск қ.)
    • «Графикалық дизайн және бейнемонтаж» - Капанов Ернур (Әулиекөл ауданы)

    Фестиваль аясында ең үздік креативті фото, «IT білім» Web-квест конкурсы, фестиваль қатысушылары шебер-сыныпта жинаған роботтармен жекпе-жек өтті.

    «ITSkills» ақпараттық технологиялар фестивалінің креативті фото» байқауында жеңіске жеткендер:

                  I орын-АманбаеваЖанерке (Бейімбет Майлин ауданы)

                 II орын-Молдажанова Гульнара Жақсылыққызы (Қостанай ауданы)

                 III орын - Кан Евгения (Арқалық қ.)

     

       

    «IT білім»  Web-квестінің жеңімпаздары:

    I орын - Сарыкөл ауданының командасы (Сычев Евгений Валерьевич, Какимов Тауржан, Жаулебаев Алишер, Пошатова Алена)

    II орын - Әулиекөл  ауданының командасы (Абылқадирова Назгуль Қапаровна, Лыфарь Ализар, Капанов Ернур, Янибекова Айсулу)

    III орын - Қостанай ауданының командасы (Молдажанова Гүлнар Жақсылыққызы, Воропаев Кирилл, Кильтаев Руслан, Попова Елена)

    Сумо жекпе-жегінде үздік деп танылды:

    I орын - Исаев Александр (Денисов ауданы)

    II орын - Шевелев Николай (Алтынсарин ауданы)

    III орын - Кильтаев Руслан (Қостанай ауданы)

    Барлық қатысушылар фестиваль ұйымдастырушыларының атынан сертификаттар, естелік магниттер мен «ITSkills» логотипі бар брелоктар алды.