«Дарынды балалармен жұмысты рухани-адамгершілік бағдарлар негізінде ұйымдастыру» вебинары
2023 жылғы 25 қаңтарда педагогтар үшін «Дарынды балалармен жұмысты рухани-адамгершілік бағдарлар негізінде ұйымдастыру» атты облыстық вебинар өтті. Вебинарда Науырзым ауданы Докучаев жалпы білім беретін мектебінің педагогтары дарынды балалармен жұмыс жүргізу тәжірибелерімен бөлісті.
Вебинар аясында мектеп педагогтары сабақта және сабақтантыс жұмыстар арқылы жас ұрпақты рухани-адамгершілікке тәрбиелеу мәселелеріне тоқталды. Себебі,оқушыларды тәрбиелеу, оған өздерін қатыстырған кезде ғана, тиімдірек бола түспек. Ұстаздар: А.Ш. Омарова, Л.К. Оразова, В.Ж. Абдуллина, А.Х. Қожахметова, А.Б. Оразбаевтар, өз баяндамаларында осыны жан-жақты ашып, түсіндірді.
Тәрбиелеу мақсатын іске асырудың кең мүмкіндіктеріне ие спикерлер, өз сөздерінде дарынды балалармен жұмыста қолданылатын барынша маңызды әдіс-тәсілдер мен технологияларға тоқталды: Науырзым қорығы және Қостанай облысы бойынша өлкетану экспедициялары, «Іздеу» мектепішілік ғылыми қоғамы мен дебат клубының жұмысы, тарих сабақтарында дебат технологиясын пайдалану, сондай-ақ физика сабақтарындасыни ойлауды дамыту.
Вебинарға Қостанай облысы 11 өңірінің 27 білім беру ұйымының 52 педагогы мен әдіскері қатысты.
Вебинардың бейнежазбасын біздің арнадан мына сілтеме арқылы қарай аласыз: https://www.youtube.com/channel/UCO1qP9cEQ23yWDWbBRMNBSQ