Оқушылардың экономика бойынша турнирінің облыстық кезеңі

     

    Экономикалық бағдарламаларды тарату, оқушылардың экономикалық білімі мен кәсіпкерлік дайындығын дамыту, сондай-ақ дарынды балаларды анықтау және қолдау мақсатында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығы 2023 жылғы 22 ақпанда экономика бойынша оқушылардың облыстық турнирін өткізді.

    Турнир қашықтық форматта өтті. Турнирге облыс мектептерінің 10-11 сыныптарының 113 оқушысы қатысты.

    Турнирге қатысушылар тест тапсырмаларын орындап, экономикалық тапсырмаларды шешті.

    Турнирдің барлық қатысушылары сертификаттар алды, ал жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар дайындалады.

     

    ИТОГИ