5-6 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі
2022 жылдың 2 желтоқсанында 5-6 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиадасы басталды.
Олимпиаданың негізгі мақсаты: оқушылардың зияткерлік қызметке және ғылыми білімге қызығушылығын дамыту, оқушылардың қабілеттерін, бейімділіктерін іске асыру үшін жағдай жасау, дарынды балалармен жұмыс аясында ерте бейіндеу, республикалық пәндік олимпиадаларға қатысу үшін жоғары ынталандырылған оқушыларды анықтау.
Олимпиада 4 кезеңде 8 жалпы білім беретін пәндер бойынша өткізіледі: математика; жаратылыстану; қазақ тілі мен әдебиеті; орыс тілі мен әдебиеті; орыс тілінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі; қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі; ағылшын тілі; Қазақстан тарихы. 1-3 кезеңде тілдерді үйренуге қызығушылықты арттыру үшін неміс және француз тілдері қосылды.
Олимпиаданың әрбір қатысушысы бір пән бойынша тапсырмаларды орындайды.
Олимпиаданың мектепішілік кезеңі 2022 жылдың 2 желтоқсанында облыстың барлық өңірлерінде өтті. Мектепішілік кезеңге облыстың 391 мектебінен 9876 қатысушы, оның ішінде ауыл мектептерінен 3472 оқушы қатысты.
12 желтоқсанда олимпиаданың аудандық/қалалық кезеңі өтті, оған мектепішілік кезеңнің жеңімпаздары – облыстың 363 мектебінен 2479 оқушы, оның ішінде ауыл мектептерінен – 1191 оқушы қатысты. Кезең қорытындысы бойынша әр өңірден командалар құрылды.
Олимпиаданың облыстық кезеңі а.ж. 21 желтоқсанда өтті. Облыстық кезеңге 2 кезеңнің 270 жеңімпазы өтінім беріп, 251 оқушы қатысып, облыс деңгейінде өздерінің білім деңгейлерін көрсете алды. Олимпиада тапсырмалары тест түрінде ұсынылды (20-30 сұрақтан). Қатысушылардың ең көп саны жаратылыстанудан болды (43 адам).
Облыстық кезеңнің жүлдегерлері 78 оқушы болды, олардың 22-сі І орын, 19-ы ІІ орын және 38-сі ІІІ орын алды.
Олимпиаданың барлық қатысушылары сертификаттарға, ал жүлдегерлер – «Қостанай дарыны» ӨОӘО дипломдарына ие болады.