«Менің өз қолыммен жасаған мультфильмім» облыстық сырттай конкурсы

    «Менің өз қолыммен жасаған мультфильмім» облыстық сырттай конкурсының қорытындысы шығарылды.

    Аталған шараға облыстың 7 өңірінен (Әулиекөл, Қамысты, Қарасу, Меңдіқара, Ұзынкөл аудандары, Қостанай қ., Рудный қ.) 7-8 сыныптарының 23 оқушысы қатысты.

    Конкурстық жұмыстар Ереженің ұсынылған материалды ресімдеуге қойылған талаптарды қамтитын критерийлері бойынша бағаланды. Барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі, ал жүлдегерлер дипломдармен марапатталатын болады.Оқушылары конкурстың жеңімпазы болып атанған мұғалімдерге алғыс хаттар табысталатын болады.

    Конкурс жеңімпаздары: 

    1 орын -  Аружан Ерадилова (Қостанай қ., М.Хәкімжанова атындағы № 20 орта мектебі);

    2 орын -  Сабина Кусбергенова (Қостанай қ., Чапаев негізгі мектебі);

    3 орын -  Илья Шубин (Қостанай қ., № 30 орта мектебі);

    3 орын Шуланова Айлана (Қостанай қ., № 2 мектеп-лицейі);

    3 орын  Амаль Сыздыкова (Қостанай қ., № 7 орта мектебі).

    Жеңімпаздар мен мұғалімдерді құттықтаймыз! Алдағы уақытта табыстар мен жеңістер тілейміз!

    https://www.youtube.com/watch?v=V8Qk7VkjFlw