«Күз-Қыс 2020» ҚИО маусымының қорытындысы

    «Күз-Қыс 2020» ҚИО олимпиада маусымы аяқталды. Қазақстандық Интернет олимпиадалардың ұйымдастыру комитеті барлық мұғалімдер мен оқушыларға жобаға қатысқаны үшін ризашылығы мен алғысын білдіреді.

    2020 жылы қатысушылар мектеп пәндері бойынша жан-жақты білімдерін көрсетті, ал қойылған мақсатқа жетудегі тұрақтылық пен табандылық зияткерлік күрестің ажырамас бөлігіне айналды. Әрбір жеңіс- әрбір жүлдегердің олимпиадалық биіктерге жету үшін салған үлкен еңбектің нәтижесі.

    «Күз-Қыс 2020» маусымының қорытындысы шығарылды және тек дипломдар ғана емес, сонымен қатар бағалы сыйлықтарды да алатын жеңімпаздардың есімдері белгілі болды: бірінші орынға - ноутбук, екінші орынға - смартфон, үшінші орынға - USB flash.

    Жеңімпаздар маусым бойы  4 олимпиада бойынша әр топта ең жоғары балл сомасы арқылы анықталды.

    ҚИО олимпиадаларына қатысушылардың арасында қостанайлықтар да бар. Атанған жеңімпаздар:

    • 6-7 сыныптар: III орын - Карасатова Арина (Рудный қаласы № 10 мектеп-гимназиясы)
    • 8-9 сыыптар: II орын -  Мушкудиани Николоз (Владимиров орта мектебі, Қостанай ауданы); III орын - Печуркин Максим (Владимиров орта мектебі, Қостанай ауданы).

    Құттықтаймыз!!!