«Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығының кубогына арналған VII облыстық шахмат турнирінің қорытындысы

    2022 жылғы 11 қарашада Қостанай қаласының № 27 жалпы білім беретін мектебінің базасында облыс мектептерінің оқушылары арасында «Қостанай дарыны» ӨОӘО кубогына VII облыстық шахмат турнирі өтті.

    Турнир спорттың осы түрін насихаттау және мектеп жасындағы дарынды шахматшыларды анықтау мақсатында өткізілді. Турнир ережесіне сәйкес команда екі жас тобынан тұрды:

    • 1 жас тобы – 9 жасқа дейін;
    • 2 жас тобы – 13 жасқа дейін.

    Турнирге 9 команда қатысты: Алтынсарин, Қостанай, Б. Майлин, Сарыкөл, Ұзынкөл, Федоров аудандары және Қостанай, Рудный қалалары. Команда мүшелері жеңіп алған әрбір ұпай турнирдің нәтижесін шешіп кетуі мүмкін болды.

                Турнир қорытындысы бойынша командалық есепте орындар келесідей бөлінді:

    1 орын – Қостанай қаласы білім бөлімінің А.М. Горький атындағы гимназиясының командасы;

    2 орын – Қостанай қаласы білім бөлімінің № 7 жалпы білім беретін мектебінің командасы;

    3 орын – Рудный қаласының құрама командасы.

                Сарыкөл ауданының командасы «Жеңіске деген ерік-жігері үшін» номинациясы бойынша дипломмен марапатталды. Рудный қаласы құрамасының мүшесі Жұмаш Әлібек «Ең жас қатысушы» номинациясы бойынша дипломмен марапатталды.

    Жеке есепте екі жас санатындағы ұлдар мен қыздар арасында 12 жүлдегер анықталды:

    Қатысушының аты-жөні

    Өңір, мектеп

    Сынып

    Орын

    1

    Уразалин Султан

    Сарыкөл ауданы, Балалар және жасөспірімдер шығармашылық үйі

    4

    I

    2

    Дәуренбекқызы Әдемі

    Қостанай қаласы, № 7 жалпы білім беретін мектеп

    3

    I

    3

    Адильханов Адильбек

    Қостанай қаласы, А.М. Горький атындағы гимназия

    6

    I

    4

    Слюсарева Арина

    Қостанай қаласы, № 7 жалпы білім беретін мектеп

    5

    I

    5

    Жұмаш Әлібек

    Рудный қаласы, № 13 жалпы білім беретін мектеп

    2

    II

    6

    Бертыбаева Саида

    Қостанай қаласы, А.М. Горький атындағы гимназия

    2

    II

    7

    Аманжол Айсугур

    Б. Майлин ауданы, С. Ерғалиев атындағы жалпы білім беретін мектеп

    6

    II

    8

    Балабаева Асима

    Рудный қаласы, № 4 жалпы білім беретін мектеп

    3

    II

    9

    Адилханов Нурлыбек

    Қостанай қаласы, А.М. Горький атындағы гимназия

    2

    III

    10

    Жаксимбеков Санжар

    Қостанай ауданы, Тобыл қаласының мектеп-гимназиясы

    4

    III

    11

    Булекпаева Алуа

    Сарыкөл ауданы, Балалар және жасөспірімдер шығармашылық үйі

    3

    III

    12

    Сеилхан Арлан

    Рудный қаласы, № 10 мектеп-гимназия

    4

    III

    13

    Сапронова Анастасия

    Қостанай қаласы, А.М. Горький атындағы гимназия

    6

    ІІІ