Қазақстан тарихы пәнінен қашықтық олимпиадасының қорытындысы

    2022 жылдың 14-15 қарашасында 7-10 сынып оқушыларына арналған Қазақстан тарихы пәнінен облыстық қашықтық олимпиадасы өтті.

    Олимпиадаға облыстың барлық өңірлерінен 3042 оқушы, оның ішінде ауыл мектептерінен – 1796 қатысушы (немесе 59 %) қатысты. Ең белсенді өңірлер Қостанай қаласы (558 оқушы), Арқалық қаласы (354 оқушы) және Амангельді ауданы (222 оқушы) болды. Оқушылар арасында ең белсенділері – 7 сынып оқушылары болды (795 қатысушы).

    133 оқушы олимпиада жүлдегерлері атанды, оның ішінде 10 оқушы І орын, 44 оқушы ІІ және 79 оқушы ІІІ орын алды. Өңірлер арасында Науырзым ауданы (10,8 %) және Рудный қ. (10 %) оқушылары жоғары нәтижелілік көрсетті.

    Барлық қатысушылар сертификат алды, ал жүлдегерлерге «Қостанай дарыны» ӨОӘО дипломдары дайындалатын болады.

     

    ИТОГИ