Биология пәнінен он-лайн сабақ

    2020 жылғы 22 мамыр күні облыстың олимпиадалық резерві үшін биология пәнінен екінші он-лайн сабақ өтті. Сабақтың тақырыбы: «Адам физиологиясы».

    Жаттықтырушы – Сергазы Пернебаев, дарынды балаларға арналған Білім-Инновация лицей-интернатының биология пәнінің мұғалімі – адамның тіршілік ету жүйелеріне нақтырақ тоқталды. Сабақ мемлекеттік тілде өтті.

    Сабаққа Қостанай, Арқалық қалаларынан, Жітіқара, Меңдіқара, Науырзым, Сарыкөл, Б. Майлин аудандарынан, «Озат» МАТМЛИ 27 оқушы мен педагог қатысты.