Оқушылардың облыстық олимпиадасы: алғашқы қорытындылары

     

      

     

     

     

    24-26 наурызда жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша оқушылардың облыстық олимпиадасы өтті. География, информатика, биология, химия, физика және математика пәндерінен 148 оқушы олимпиадаға қатысты. Олимпиаданың жаратылыстану-математикалық цикл пәндері бойынша облыстың 15 өңірінен және  дарынды балаларға арналған 3 мамандандырылған білім ұйымдарының оқушылары қатысты.

    Ең көп қатысушылар саны география (35) мен биология (42) пәндерінен болды.

    Олимпиаданың жүлдегерлері болып 65 оқушы атанды. Соның ішінде бірінші орын – 17 оқушы, екінші – 22 және үшінші орынды иеленген – 26 оқушы.

    34 оқушы Республикалық олимпиадаға қатысуға ұсынылды. Олар үшін 28 наурыздан бастап қорытынды кезеңге дайындық бойынша оқу-жаттығу жиыны басталады.