Ақпанның олимпиадалық тынысы

     

      

     

     

     

    Қостанайлық оқушылар үшін ақпан айы тура және ауыспалы мағынада бір деммен өтті. Бұл ай республикалық және халықаралық деңгейдегі үлкен олимпиадалар мен конкурстарға толы айлардың біріне айналды.

    9-11 ақпан аралығында «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы базасында 2-7 сынып оқушыларына арналған «Зерде» зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының республикалық конкурсы өтті. Конкурстың облыстық кезеңінің 19 оқушысы математика мен роботты техникадан бастап тарих пен психологияға дейінгі 9 секцияда 18 жобаны ұсынды. I дәрежелі дипломмен 1 қатысушы (1 жоба), II дәрежелі дипломмен - 5 қатысушы (4 жоба), III дәрежелі дипломмен - 4 қатысушы (4 жоба) марапатталды. Тағы 5 қатысушы (5 жоба) грамоталармен марапатталды.

    14-22 ақпан аралығында еліміздің барлық өңірлерінде жалпы білім беретін 16 пән бойынша оқушылардың Республикалық олимпиадасының аудандық және қалалық кезеңдері өтті. 9-11 сыныптардың 2 808 оқушысы олимпиадаға қатысты. 529 оқушы көктемгі демалыс күндері өтетін олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысуға ұсынылды.

    15-23 ақпан аралығында мамандандырылған мектеп оқушылары арасында Математика, физика, информатика пәндері бойынша Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтті. 1200 қатысушы әлемнің 20 елін таныстырды. Қостанай облысының командасын дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатынан және «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатынан 7 оқушы таныстырды. 2 қатысушы қола медальге ие болды: Самойленко Арсений және Даутов Жан (дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернаты).

    21-25 ақпанда Қостанай облысының командасы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсында өз жобаларын қорғады. Қостанай қаласы, Жітіқара, Қарабалық және Сарыкөл аудандарынан келген 43 оқушы 38 жобаны 17 секцияда ұсынды. 13 жоба 15 автор жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде жобаның 4 (6 оқушысы) І орынды, 2 (2) – ІІ орынды және 7 (7) - үшінші орынды және тағы 4 жоба (5 оқушы) ерекше жетістіктері үшін «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамотасына ие болды.

    Қостанайлық оқушылар үшін бір ай бекер болған жоқ: халықаралық олимпиада және 2 республикалық конкурс жалпы сомада Қостанай облысының қоржынына 5 алтын, 6 күміс және 13 қола медаль әкелді.

    Сондықтан көктемнің алғашқы күндерінде орталықтың қабырғасында жеңістер мен жоғары жетістіктердің «салтанат иелерін» жинап, қуаныш сезім және әсерлермен бөлісу және болашақ жоспар туралы сөйлесу жанға жайлы болды.  

    Брифингке жобалар мен олимпиадалар конкурстарының жеңімпаздары шақырылды: Ким Тимур (Қостанай қ.М. Қозыбаев атындағы № 23 жалпы білім беретін мектебі), Ержанова Алина, Пак Алина және Хлыстун Анна (Қостанай қ. М. Горький атындағы гимназия), Утегенова Камила және Мельникова Диана («Озат» ақпараттық технологиялардың мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты), Самойленко Арсений (дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернаты).

    Олармен бірге олардың ғылыми жетекшілері, тәлімгерлері мен жаттықтырушылары: Артем Тимофеевич Москаленко (Қостанай қ.М. Горький атындағы гимназия), Ирина Храмей («Озат» ақпараттық технологиялардың мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты), Ержан Есетович Жумадилов және Дарын Жумабекұлы Сейдуалы (дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернаты) және Елена Равильевна Биктимирова (Қостанай қ. М. Қозыбаев атындағы №23 жалпы білім беретін мектебі) шақырылды, олардың күш-жігерінсіз бұл жеңістер мүмкін емес еді.

    Балалармен және педагогтермен кездесу конкурс пен олимпиадаға қатысу туралы әсер алмасу форматында өтті.

    Республикалық жобалар конкурсының жеңімпаздары Ержанова Алина, Пак Алина, Хлыстун Анна, Утегенова Камила және Мельникова Диана Шымкент қаласында болған конкурстың өткізген күндерінен ең жағымды әсер алды. Бұл конкурсты қорғау форматы Мельникова Диана мен Утегенова Камила үшін үйреншікті, өйткені олар республикалық конкурстарға бірнеше рет қатысуда. Ең қызу уақыт – күту уақыты болды, өйткені кез-келген сәтте қазылар алқасының мүшелері сізге келіп, сіз өз жобаңыз туралы айтуға дайын болып, сұрақтарға жауап беру керек сәтте болдық. Қазылар алқасының мүшелері, конкурс қатысушыларының пікірінше, өз салаларында білікті болды, қызықты сұрақтар қойып, оқушылардың жобалары туралы қызығушылықпен сұрақ қойды.

    Өз жобасында Ким Тимур физика мен биологияны қатар қолданып, өз жобасы жайлы   қызықты айтып берді. Тимур жоба бойынша жұмыс кезінде жүргізген эксперименттерін ынтамен сипаттады. Жас болғанына қарамастан, Тимур физика мен биологияны шынында да жақсы білуде. Жетекшісі Елена Равильевна Биктимировамен бірге олар үш рет «Зерде» республикалық конкурсының жүлдегерлері атанды, енді жаңа жобалардың идеяларын талқылауда.

    Қостанай облысының ең атақты олимпші - Самойленко Арсений ақпан айының соңында беделді Халықаралық Жәутіков олимпиадасының қола медаліне ие болды. Арсений олимпиада ойынына аздап наразы. «Мен одан да жақсы өнер көрсете алар едім. Тапсырмалар өте күрделі болды, бірақ кейбіреулері қарапайымдылығына байланысты түсінбестік туғызды: шынымен де бұл оңай екен? Бұған сене алмадым?».

    Кездесудің барлық қатысушылары конкурстар мен олимпиадаларға қатысудың қандай форматын қолдайсыздар деген сұраққа, барлығы бірдей дәстүрлі форматын қалаймыз,-  деп жауап берді. Бұл жаңа достар, жаңа тәжірибе, жаңа әсерлер, басқа конкурстарда кездескен бұрынғы таныстармен кездесулер.

    Ким Тимур, жас болғанына қарамастан, халықаралық олимпиадаларға қатысуды армандайды. Оның «Халықаралық олимпиадаға жетуге болады»? деген сұрағына: тәжірибелі жаттықтырушылар, қатысушылардың өздері және халықаралық және республикалық пәндік олимпианың қазылар алқасының мүшелері, дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының мұғалімдері Ержан Есетович Жумадилов мен Дарын Жумабекұлы Сейдуалы жауап берді.

    Утегенова Камила, Мельникова Диана и Ержанова Алина жоғары оқу орнына түсуді  қазірден бастап ойлануда. Биыл олар мектепті аяқтап жатыр және жоғары білім алуда мемлекет тарапынан гранттар жақсы демеу бола алады.

    Барлық кездесудің қатысушылары алдында облыстық, республикалық және халықаралық деңгейде бірнеше орындаулар бар: бұл оқушылардың облыстық және республикалық олимпиадасы, халықаралық пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстары. Ал кездесу соңында - оқушылардың ынтасы мен қатысуға және жеңіске жетуге деген құлшынысын жоғалтпау, бәрі ойдағыдай болсын!!! Ал мұғалімдер мен ата - аналар  - жас дарындарға көмектесеміз,  және қолдауға дайынбыз. Сонда біз ұл-қыздарымыздың жаңа жеңістері мен жетістіктерін еститін боламыз, -деген тілектер айтылды.