М. Жұмабаевтың 130 жылдығына арналған «Ұлы мұра» марафоны аясындағы қашықтық олимпиадасының қорытындысы

     

    Ақпан айының соңында М. Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толуына арналған «Ұлы мұра» дәстүрлі марафоны басталды.

    2023 жылғы 24-26 ақпанда 5-10 сынып оқушыларына арналған қашықтықтан олимпиада өтті, оның тапсырмалары М. Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығын, оның туындылары мен қоғамдық және әдеби қызметінің жарқын оқиғаларын білуге арналды.

    Марафонның мақсаты М. Жұмабаевтың мұрасын зерделеуге деген қызығушылықты өзектендіру және оқушылардың шығармашылық әлеуетін іске асыру болды.

    Олимпиадаға Қостанай облысының 19 өңірінен жалпы білім беретін мектептердің 5-10 сыныптарының 3814 оқушысы, оның ішінде ауылдық жерлердегі мектептерден – 2 438 (немесе 63,9 %) оқушы қатысты.

    Олимпиада үш жас санатында өтті: 5-6, 7-8 және 9-10 сыныптар. Олимпиаданың ең белсенді қатысушылары 5-6 сынып оқушылары (1504 қатысушы) болды. Өңірлер арасында Қостанай (521 қатысушы), Рудный (485) қалаларының, Қостанай (393) және Амангелді (338) аудандарының оқушылары белсенді болды.

    1090 оқушы Олимпиада жүлдегерлері атанды, оның ішінде 259 оқушы І орын, 416 оқушы ІІ орын және 415 оқушы ІІІ орын алды.

    Барлық қатысушылар сертификаттар алды, ал жүлдегерлерге «Қостанай дарыны» ӨОӘО дипломдары табысталады.

    Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз! Алдағы алар асуларыңыз бен бағындырар белестеріңізге табыстар тілейміз!

     

    ИТОГИ