«Ауыл мектебі жағдайында дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру» облыстық семинары

    2020 жылы 16 қазанда «Қостанай дарыны» ӨҒПО бастамасымен ауылдық жерлерде дарынды балаларды анықтау және қолдау үшін жағдай жасау, олардың қабілеттеріне сәйкес өзін-өзі жүзеге асыруын дамыту, адамгершілікке, патриотизмге тәрбиелеу, Қостанай облысының орта білім беру ұйымдары оқытушыларының кәсіби құзыреттілігін арттыру шарты ретінде озық педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату мақсатында «Ауылдық мектеп жағдайында дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру» облыстық семинары өтті.

    Сарыкөл ауданы Урицкий мектеп-лицейінің мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісті.

    Семинар барысында келесі сұрақтар қарастырылды:

    • «Урицкий мектеп-лицейінде дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру» (Л. А. Антощук, директордың бейінді оқыту жөніндегі орынбасары);
    • "Бастауыш мектепте дарынды балаларды қалай оқыту және тәрбиелеу" (Е.В. Калашникова,  бастауыш сынып мұғалімі);
    • "Математика сабағында зияткерлік дарындылықты дамыту "( О.С. Ведлер, математика мұғалімі);
    • «Өмірлік нысандардағы География» бағдарламасын жүзеге асыру арқылы зерттеу дағдыларын дамыту " (Л.Г. Бочко, география пәнінің мұғалімі);
    • "Оқушының зерттеу жұмысы "(Никита Исупов, 11 сынып оқушысы)

    Семинарға Қостанай облысының 12 өңірінен 100-ден астам педагогтар қатысты.

    Семинар материалдары мен бейне «Қостанай дарыны» ӨҒПО сайты мен арнасында ұсынылатын

    болады.