«Математика және жобалау» халықаралық ғылыми конкурсының қорытындысы
2023 жылдың 29 сәуірі мен 16 мамыры аралығында «Математика және жобалау» халықаралық ғылыми конкурсы өтті (Мәскеу қ.). Жыл сайын қостанайлық оқушылар математика саласындағы өз жобаларын ұсына отырып, осы конкурсқа қатысады. Өткен жылдағыдай, Қазақстан қатысушылары өз жобаларын онлайн режимінде қорғады.
Биыл да байқауға әдеттегідей 4 ел қатысты: Ресей, Болгария, Қазақстан және Беларусь. Жобалар 10 номинация бойынша ұсынылды. Жаңа номинациялардың бірі – «Жасөспірімдер» болды, оған 5-6 сынып оқушылары қатысты.
Конкурста облысымыздың намысын математика бойынша 7 жобаның авторлары – Қостанай қаласының физика-математикалық лицейі мен «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатынан және Рудный қаласының № 3 жалпы білім беретін мектебінен іріктелген 8 оқушы қорғады.
Байқаудың қазылар алқасының құрамына Ресей мен Болгариядан келген профессорлар, ғылым кандидаттары кірді. Қазылар алқасының шешімімен қостанайлық оқушыларға 5 жүлделі орын берілді: 2 бірінші және 3 үшінші.
Бірінші орынды Плющев Мирослав (физика-математикалық лицейі, Қостанай қ., 5-сынып) пен Дощанов Еран («Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты, 11-сынып) иеленді.
Үшінші орынға Анна Ковлягинаның (Рудный қаласының №3 жалпы білім беретін мектебі, 9-сынып), Нұржан Хамитовтың («Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты, 11-сынып) және Санжар Булатхановтың («Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты, 8-сынып) жобалары лайықты деп танылды.
«Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар байқауының облыстық кезеңі жүлдегерлерінің халықаралық деңгейдегі конкурсқа қатысуға мүмкіндігі бар екені қуантады. Ал біздің бесінші сынып оқушылары екінші жыл қатарынан халықаралық байқауларда облысымыздың намысын абыроймен қорғап келеді.
Дарынды оқушыларымыз бен олардың тәлімгерлерін халықаралық деңгейде лайықты өнер көрсетуімен құттықтаймыз!!!