Жалпы білім беру ұйымдарының 9-11 сынып оқушылары арасында Республика көлемінде өткен ІІІ Абайтану олимпиадасының қорытындысы

     

    Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы ұлттық бірегейлікті сақтау идеясын жүзеге асыру шеңберінде  Алматы қаласындағы Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты 2021 жылғы 23-24 қаңтары аралығында жалпы білім беру ұйымдарының 9-11 сынып оқушыларына арналған қазақ тілі мен әдебиетінен республика көлемінде  ІІІ «Абайтану» олимпиадасын онлайн режимде өткізді.

    Қостанай облысынан Рудный қаласындағы  Бейімбет Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясының және Қостанай ауданы  Айсары орта мектебінің 9-11 сынып оқушылары қатысты. Олимпиаданың қорытындысы бойынша  4 оқушы алғыс хатпен марапатталып, 2 оқушы ІІІ дәрежелі диплом және сымсыз құлаққап сыйлығының иегерлері атанды. Сонымен қатар, барлық оқушыларға олимпиадаға қатысқаны үшін сертификат берілді және олимпиадаға оқушыны сапалы дайындағаны үшін ұстаздар алғыс хатпен марапатталды.

    Қатысушының аты-жөні

    Сыныбы

    Мектебі

    Орын

    1.  

    Құрманғазықызы Шапағат

    9

    Айсары орта мектебі

    3

    1.  

    Тоққожаев Жамбыл

    10

    Бейімбет Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясы

    3

    1.  

    Сәбитбек Айкүміс

    9

    Бейімбет Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясы

    Алғыс хат

    1.  

    Кажиева Амина

    10

    Бейімбет Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясы

    Алғыс хат

    1.  

    Тұрғанбек Айша

    11

    Бейімбет Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясы

    Алғыс хат

    1.  

    Изтелеуова Айгерим

    11

    Айсары орта мектебі

    Алғыс хат