Т.Е. Дәулетбаев атындағы оқушылардың X өңірлік ғылыми-практикалық конференциясының қорытындысы

    2023 жылғы 8 ақпанда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің физика-математикалық лицейі» КММ базасында Т.Е. Дәулетбаев атындағы оқушылардың «Өскелең ұрпақтың зияткерлік әлеуеті - Қазақстанның табысты индустриялық-инновациялық дамуының кепілі» атты дәстүрлі өңірлік ғылыми-практикалық конференциясы өтті. 

    Конференцияны ұйымдастырушылар: Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығы» КММ, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласының білім бөлімі» ММ және Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің физика-математикалық лицейі» КММ.

    2015 жылдан бастап өңірлік ғылыми-практикалық конференция ұлағатты ұстаз, үлкен жүректі азамат –  Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры, физика-математика ғылымдарының кандидаты Т.Е. Дәулетбаевтың есімімен аталады. Тобыл Еслямғалиұлы конференцияны ұйымдастыруға және өткізуге баға жетпес үлес қосты, олимпиаданың қалыптасуының негізін қалады.

    Биыл ұйымдастыру комитеті Қостанай қаласы мен Қостанай облысының 70-тен астам мектебінен 1000-ға жуық ғылыми-зерттеу жобаларын тіркеді. Күндізгі кезеңге қатысуға 26 пән саласы бойынша 470 жұмыс жіберілді. Қорғауға 433 жоба қатысты.

    Жұмыстармен таныстыру жария қорғау түрінде өтті. Секция жұмысына барлық тілек білдірушілер қатысты.

    Қазылар алқасының мүшелері ретінде конференция секцияларында «ЧелМУ» Қостанай филиалының, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің, М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің, Қостанай педагогикалық колледжінің жетекші ғалымдары мен оқытушылары, «Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығы мен Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының әдіскерлері жұмыс істеді.

    Оқушылардың ғылыми форумы аса жемісті өтті. Жоғары оқу орындарының білікті профессор-оқытушылар құрамы оқушылармен, мұғалімдермен, ата-аналармен тамаша ынтымақтастық орнатты. Әр түрлі жастағы пікірлестердің бірлескен шығармашылығының тамаша ортасы құрылды.

    Қорытындылау үш жас санатында жүргізілді: 1-4 сыныптар, 5-7 сыныптар, 8-11 сыныптар. 382 жоба жеңімпаз және жүлдегер атанды, оның ішінде бірінші орын – 65, екінші орын – 142 және 3 орын – 175.

    Сонымен қатар көптеген оқушылар әртүрлі номинациялар бойынша жеңімпаз атанды. Ерекше номинация – «Көрермендер көзайымы сыйлығы» 50-ден астам балаға табысталды.

     

    ПРИЗЕРЫ