Экономика бойынша оқушылар турнирінің облыстық кезеңі

    Экономика бойынша оқушылардың республикалық турнирі – жыл сайын экономикалық бағдарламаларды тарату, экономикалық білімді дамыту және оқушыларды кәсіпкерлік дайындау, сонымен қатар дарынды балаларды анықтау және қолдау мақсатында, «Джуниор Эчивмент Казахстан» қоғамдық қоры мен «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының бірлескен білім жобасы.

    Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы 2020 жылғы 7 ақпанда экономика бойынша оқушылар турнирінің облыстық кезеңін өткізді. Турнирге облыс мектептерінен 10-11 сынып оушылары арасынан 30 оқушы қатысты.

    Турнир қатысушылары тест тапсырмаларын орындап, экономикалық есептерді шығарды.  

    Қазылар алқасының шешімі бойынша 1 орынды Қостанай қаласы №7 орта мектебінің  10 сынып оқушысы Дильназ Ибраева;

    2 орынды – Рудный қаласы №10 мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы Максим Корнеев;

    3 орынды – Арқалық қаласы Ы. Алтынсарин атындағы гимназияның 10 сынып оқушысы – Сайора Муканова жеңіп алды.

     11 сынып жас ерекшелік категориясында жеңімпаздар болған:

    1 орын – Қостанай қаласы, М. Қозыбаев атындағы №23 мектеп гимназиясының оқушысы Виталий Ладычук;

    2 орын – Лисаков қаласы, мектеп-гимназияның оқушысы Жулдызай Сарсенова;

    3 орын – Қостанай ауданы Тобыл қаласы, мектеп гимназияның  оқушысы Диана Грац жеңіп алды.

    Турнирдің барлық қатысушыларына сертификаттар берілді, ал жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен медальдер табыс етілді.