Биология пәні мұғалімдеріне арналған «Олимпиадалық есептерді шешу» атты семинары

     

      

     

    Жаратылыстану-математикалық бағыттағы педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру мақсатында «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы 27 және 30 қарашада республикалық олимпиаданың аудандық және қалалық кезеңдерінің қазылар алқасының құрамына кіретін биология пәні мұғалімдеріне арналған «Олимпиадалық есептерді шешу» оқыту семинарларын өткізді.

    55 мұғалім үшін семинарды биология ғылымдарының магистрі Людмила Алексеевна Брагинец өткізді.

    Мұғалімдер өткен жылдардың олимпиадалық тапсырмаларын қарап, тереңдетілген сипаттағы есептерді шешу жолдары тәжірибесімен бөлісті.