«Атамекен-2022» облыстық зияткерлік-танымдық ойынының қорытындысы
2022 жылдың 24-25 ақпанында 1-4 сынып оқушыларына арналған «Атамекен» облыстық зияткерлік-танымдық ойыны өтті.
Ойынның мақсаты: танымдық белсенділікті дамыту және бастауыш мектеп жасындағы балалардың негізгі пәндерге қызығушылығын арттыру; қабілетті балаларды анықтау және оларды одан әрі қолдау.
Міндеттері: оқушылардың математикадан, қазақ тілінен, орыс тілінен, әлемді танудан білімдерін тереңдету; оқушылар арасында зияткерлік ойындарды танымал ету.
Ойын қашықтан өтті. Ойын тапсырмалары 3 пән бойынша құрастырылған: қазақ (орыс) тілі, математика және дүниетану. Ойынға қатысушылар 60 сұраққа жауап беруі керек еді.
Биылғы жылғы ойынға облыстың барлық өңірлерінен 11 525 оқушы, оның ішінде 6 510 оқушы (56,5 %) - ауылдық өңірлерден қатысты. Ең белсенді қатысушылар 1 сынып оқушылары - 3 844 оқушы болды. Ал өңірлер арасында Қостанай, Рудный қалалары мен Қостанай ауданынан келген оқушылардың белсенділігін атап өтуге болады.
Бірақ 1-сынып оқушылары ең нәтижелі болды: 804 қатысушы ойын жүлдегерлері атанды. Жалпы, 2492 оқушы жүлделі орындарға, олардың 264-і 1 орын, 805-і екінші және 1423-і үшінші орынға ие болды.
Пәндер бойынша үздік білімді Сарыкөл, Алтынсарин, Қарасу және Ұзынкөл аудандарынан келген оқушылар көрсетті.
Барлық қатысушыларға сертификат берілді, ал жүлдегерлерге дипломдар берілетін болады.