5-9 сынып оқушылары арасындағы «Тарих ата» XV республикалық қашықтық олимпиадасының қорытындысы
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы оқушылардың Қазақстан тарихына деген қызығушылығын арттыру, өзіндік жұмыс дағдыларын қалыптастыру және жинақталған білімдерін қолдана білу, сондай-ақ патриоттық сезімдерін тәрбиелеу мақсатында 2020 жылдың 12-13 мамыр аралығында 5-9 сынып оқушылары арасында «Тарих ата» XV республикалық қашықтық олимпиадасын өткізді.
Олимпиадаға Республиканың барлық өңірлерінен 5-9 сыныптардың 23 115 оқушысы қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша қатысушылардың жалпы санынан 25% оқушы марапатталды. Осылайша, Республиканың 6 114 оқушысы жеңімпаз және жүлдегер атанды.
Қостанай облысын Қостанай облысының барлық өңірлерінен 921 оқушы (4 %) ұсынды, оның ішінде Қостанай қ. ФМБ НЗМ 7 оқушы. Қостанай қ. (221 қатысушы), Әулиекөл және Қостанай аудандарының оқушылары (84 оқушыдан) аса жоғары белсенділік танытты. Амангелді , Жангелді, Денисов, Қарасу аудандарының танытқан белсенділігі төмен.
Жүлделі орындарға Қостанай облысы білім беру ұйымдарының 411 қатысушысы (44,6 %) ие болды, оның ішінде 36 бірінші, 191 екінші және 184 үшінші орын.
Жітіқара (71,4 %), Алтынсарин (61,9 %) және Қостанай қаласы (59,3 %) жақсы нәтиже, Амангелді, Жангелдин аудандары және дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернаты төмен нәтиже көрсетті.
Жеткілікті балл жинаған қатысушылар жүлделі орынды растайтын дипломдармен және олимпиадаға қатысқаны туралы сертификаттармен марапатталады.