«Абай оқулары»республикалық конкурсы

    10-13 маусым аралығында Абай облысындағы «Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешенінде ХХV республикалық «Абай оқулары» өтті.

    Көркемсөз байқауындаеліміздің барлық өңірлерінен 8-11сыныптардың 130 оқушысы қатысты. Байқаудың мақсаты-қазақ халқының әдеби мұрасын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық қазақ әдебиетін оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, Абай мен Шәкәрім шығармаларындағы эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиетті насихаттау, ұлылар поэзиясына, ұлттың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

    Республикалық байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ҚР Оқу-ағарту министрлігінің медальдары мен дипломдары табысталды. Сондай- ақ, «Дарын» РҒПО атынан грамоталар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

    «Абайдың қара сөздері» бағытында Қостанай облысының атынан Амангелді ауданының Б.Қолдасбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы Мықымова Нұрай қатысты. Мықымова Нұрай «Абайоқулары» республикалық байқауында ІІІ орын алды.

    «Сөз өнеріндегі ұлы Абай бейнесі» номинациясында Қостанай облысының атынан Амангелді ауданының Жаңа ауыл жалпы білім беретін мектебі оқушысы Боранбаева Еркеназ қатысып ІІІ  орынға иеленді.

    «Көңілім әнді ұғады» бағытында Қостанай облысының атынан Арқалық қаласының А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы Бияхмет Айым мен «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» бағытында Қостанай облысын қорғаған Арқалық қаласының Т.Әубәкіров атындағы мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы Нұржанова Нұрсая қатысып, грамоталар және бағалы сыйлықпен марапатталды.

    Жүлдегерлерімізді құттықтаймыз!