Қ. Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиаданың қорытындысы

    2024 жылғы 12-13 мамыр аралығында Өскемен қаласында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің қолдауымен Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасымен бірлесіп, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты,КСРО еңбек сіңірген мұғалімі, КСРО,Қазақ КСР Халық ағарту ісінің үздігі, Н.К.Крупская атындағы орденнің кавалері, «Құрмет» орденінің иегері Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиада өткізді.

    Олимпиаданың республикалық кезеңіне 9-11 сыныптардан 169 оқушы қатысты. 

    Қостанай облысы биыл Қостанай, Арқалық қалаларынан, Амангелді, ауданы, сондай-ақ Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп—гимназия-интернатынан және «Озат»мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатынан 9 қатысушы ұсынды.

    Қатысушылар Қ.О. Бітібаеваның әдебишығармаларын, өмірбаянын, ғылыми-педагогикалық және шығармашылық еңбектерін білуден жарысты.

    Олимпиада қорытындысы бойынша облыс оқушылары1 үшінші орын алды. Сондай-ақ ерекше жетістіктері үшін 5 грамотамен, Қ.Бітібаеваның отбасынан 2 ақшалай сыйлықпен марапатталды.

    ТАӘ

    Өңір

    Білім беру ұйымы

    Орын

    1

    Жаппарова Жания

    Амангелді ауданы

    А.Нұрманов атындағы жалпы білім беретін мектеп

    3

    2

    Билгібай Сания

    Қостанай қаласы

    Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты

    грамота

    3

    Исламбек Ақерке

    Қостанай қаласы

    Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты

    грамота

    4

    Өмірзақ Жансая

    Қостанай қаласы

    Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты

    грамота

    5

    Доскеева Жанеля

    Қостанай қаласы

    «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты

    грамота

    6

    Исламбекова Зарина

    Қостанай қаласы

    Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты

    грамота

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    Олимпиада жүлдегерлерін құттықтаймыз және алдағы уақытта табыстар мен жеңістер тілейміз!