«Qabilet» қызметі Қостанай қаласының 10-11 жастағы оқушыларына психологиялық дамыту сабақтарын ұйымдастырды
Сыни ойлауды, зейінді, есте сақтауды және коммуникативтік дағдыларды дамыту мақсатында «QABILET» қызметінің қызметкерлері Б.Н.Аканбаев пен Д.А. Жумабаева «Қостанай дарыны» ӨОӘО жоспарына сәйкес 2022 жылғы 08 қарашада «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 16 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де «QABILET» диагностикасының I кезеңінен өткен 10-11 жастағы 15 оқушыға психологиялық дамыту сабақтарын өткізді. Психолог сабақ барысында оқушылардың танымдық іс-әрекеттер жүйесінде өзара байланысқан зейін мен есте сақтаудың психикалық процестері туралы білімдерін түрлі ойындар мен жаттығулар арқылы толықтырды.