Орыс тілі пәні бойынша он-лайнсабақ
2020 жылғы 29 сәуір күніоблыстың олимпиадалық резерві үшін орыс тілі пәнінен екінші он-лайн сабақ өтті. Сабақ 9-11 сынып оқушылары мен оларды дайындаумен айналысатын педагогтерге арналған.
Сабақтың тақырыбы: «Көркем-бейнелеу құралдары және олардың мәтіндегі рөлі». Жаттықтырушы – Ботагоз Шаяхметовна Байтасова, Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
Сабақ мектеп оқушыларымен бірге онлайн режимде өтті. Сабақтың мақсаты: терминологияны қайталау, мәнерлілік құралдарын ажырата білу және олардың мәтіндегі рөлін анықтау. Оқушылар педагогпен бірге терминологияны қайталады, содан соң оларға мәтіндер ұсынылды, онда мәнерлілік құралдарын табу және бұл жолдың қандай екенін анықтау қажет болды. Жұмыстың бұл түрі орыс тілі мен әдебиеті бойынша олимпиадаларында жиі кездеседі.
Сонымен қатар, оқушылар мен педагогтер үшін осы тақырып бойынша дайындалуға көмектесетін анықтамалық және оқу әдебиеті ұсынылды.
Сабаққа Лисаковқаласынан, Әулиекөл ауданынан, Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты мен «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатынан 27 оқушы мен педагог қатысты.
Келесі сабақ а.ж. 13 мамырында өтеді.