«Qabilet» қызметі Меңдіқара ауданының мектеп психологтарына семинар өткізді
2022 жылғы 19 қазанда «Qabilet» қызметінің қызметкерлеріАқанбаев Бағлан Нұрланұлы мен Жұмабаева Динара Амандыққызы Меңдіқара ауданының білім беру ұйымдарының мектеп психологтарына «Qabilet» қызметінің диагностикалау платформасымен және әдістемелерімен жұмыс істеуді түсіндіру бойынша семинар өткізді.
19 педагог-психолог 7-11 жас аралығындағы балалардың «Qabilet» қабілеттеріне диагностика жүргізудің техникалық ұсыныстарымен танысты, тестілеуде ұсынылған авторлық әдістемелерді зерделеді.
Сыни ойлауды, зейінді, есте сақтауды және коммуникативтік дағдыларды дамыту мақсатында А.Шотаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясында «QABILET» диагностикасының I кезеңінен өткен 10-11 жастағы 15 оқушыға дамытушылық психологиялық сабақ өткізілді.
Сабақ мнемотехникаға негізделген, қабылдауды кеңейтетін, семантикалық есте сақтау мен зейінді дамытатын сыни ойлауды дамытуға бағытталған әдістерге толы болды.
Ғ.Жұмабаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясы,А.Шотаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясы және Первомай ЖББМ 32 білім алушысы үшін бірінші кезең диагностикасы жүргізілді. Диагностика нәтижелерін ата-аналар оқушылардың жеке кабинетіндегі платформадан көре алады.
Айта кетейік, 6000 оқушы диагностикадан өтіп, 4К қабілеттерін одан әрі дамыту туралы ұсынымдар алды.
Диагностикалаудан https://qabilet.elbasyacademy.kz/ платформасында онлайн режимінде өтуге болады.