«Мағжан оқулары» республикалық конкурсы

    2024 жылғы 24-25 маусым аралығында Петропавл қаласында белгілі қазақ поэті және публицист Мағжан Жұмабаевқа арналған «Мағжан оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық байқауы өтті.

    Мағжан Жұмабаев атындағы байқауға еліміздің барлық өңірлерінен 8-11 сыныптардың оқушылары қатысты. Байқау 3 бағытта өтті:

    -«Өлең - менің Шолпаным, Айым, Күнім»,

    -«Жасынан оқу оқып, өнер қуған...»,

    -«Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған».

    Республикалық байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ҚР Оқу-ағарту министрлігінің дипломдары мен грамоталары және сыйлықтар табысталды.

    «Өлең - менің Шолпаным, Айым, Күнім» бағытында Қостанай облысының атынан Рудный қаласының Б.Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы Уткелбаева Айсара қатысты. Уткелбаева Айсара «Мағжан оқулары» республикалық байқауында ІІ орын алды.

    «Жасынан оқу оқып, өнер қуған...» номинациясында «Мағжан оқулары» республикалық байқауында ІІІ орынға ие болған Қостанай қаласының №17 жалпы білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы Егеубай Кәусар.

    Жүлдегерлерімізді құттықтаймыз!