Роботтты техника бойынша облыстық олимпиада
-
- негізгі жалпы және орта білімнің жалпы білім беретін бағдарламаларын меңгеріп жатқан оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылығын анықтау және дамыту;
- дарынды балаларды қолдау үшін қажетті қолайлы жағдай жасау;
- жастар арасында ғылыми білімді тарату және дәріптеу;
- тұлғаның қалыптасуының бастапқы кезеңдерінде жастардың кәсіптік бағдарлануы болып табылады.
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы 2020 жылғы 21 ақпанда Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің базасында роботты техника бойынша облыстық олимпиада өткізді.
Ережеге сәйкес олимпиада 3 кезеңнен өтеді: 1 кезең (сырттай) – берілген тақырыпқа эссе жазу, 2 кезең – есептер шешу және 3 кезең – жоба қорғау (роботты ұсыну).
Олимпиаданың негізгі мақсаты:
Олимпиаданың сыртай кезеңінде 35 эссе ұсынылды, оның ішінде 28-і олимпиаданың күндізгі кезеңдеріне қатысуға жіберілді. Барлық эссе антиплагиатқа тексерілді. Тексеру қорытындысына негізінде алынған шынайылық % бойынша сыртай кезеңі үшін баллдар қойылды.
Әр кезең 100 баллға бағаланды.
Олимпиадаға облыс мектептерінің 9-11 сыныптарының 15 оқушысы қатысты. Өкінішке орай, Арқалық қ., Амангелді, Әулиекөл, Сарыкөл аудандары ауа райының қолайсыз жағдайларына байланысты қатыса алмады.
Қазылар алқасының шешімі бойынша 1 орынға Қостанай ауданы Тобыл қаласының Н. Наушабаев атындағы мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы Досмағамбетов Ернар;
2 орынға:
- Лизункин Виктор, Қостанай қаласы №7 орта мектебінің 11 сынып оқушысы;
- Ляхов Виктор, Қостанай қаласы №7 орта мектебінің 11 сынып оқушысы;
- Шамшадинов Адильжан, Қостанай қаласы С. Мәуленов атындағы гимназиясының 11 сынып оқушысы;
3 орынға:
- Айдарбекова Айслу, «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының 9 сынып оқушысы;
- Батаа Харжаубай, Алтынсарин ауданы Ы. Алтынсарин атындағы Обаған орта мектебінің 9 сынып оқушысы;
- Женисбеков Руслан, Рудный қаласы Б. Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушысы ие болды.
Турнирдің барлық қатысушылары сертификаттар алды, ал жеңімпаздар мен жүлдегерлерге – грамоталар табысталды.