10-11 жастағы оқушыларға арналған тренингтер

    «Қостанай дарыны» ӨҒПО 2022 жылғы 14 және 19 сәуірдегі жоспарына сәйкес 10-11 жас аралығындағы оқушылардың тұлғалық даму үдерісіне және 4К (креативтілік, сыни ойлау, коллаборация, коммуникация) аясында олардың қабілеттерін дамытуға жәрдемдесу мақсатында «Қостанай ауданы білім бөлімінің Заречный мектеп-лицейі» КММ және «Тобыл қаласының мектеп-гимназиясы» КММ Қостанай ауданы білім бөлімінің «QABILET» қызметінің жұмыскерлері, Б.Ақанбаев және Д.Жұмабаева «QABILET» диагностикасының I кезеңінен өткен 4 және 5 сынып оқушыларымен тренингтер өткізді.

    Тренингтер коммуникативті дағдыларды дамытуға бағытталған әдістерге толы болды, оқушыларға  коллаборацияға арналған техникалар да қызықты болды. Таңдалған жаттығулардың көмегімен балалар өздерінің шығармашылық әлеуетін дамыту қажеттілігін түсінді.