Ағылшын тілінен ашық сабағы

     

    2021 жылдың 17 ақпанында «City lifecountry life» ағылшын тілінен ашық сабағы өтті. Сабақты «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Колычева Инна Арменовна өткізді.

    9-сыныптағы ағылшын тілі сабағы Zoom платформасында өткізілді.

    Сабақта 12 оқушымен жұмыс өткізілді. Осы топтың оқушыларында жақсы сөйлеу және тілдік қабілеттері бар шет тілін үйренуге жоғары уәждемесі бар.

    Сабақтың таңдалған мазмұны, сабақ жабдықтары, сабақтың барлық кезеңдерінде оқушылардың белсенді ойлау әрекетін ұйымдастыру, оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың жеке, топтық және фронтальды формалары, ауызша, көзбен шолу әдістерді қолдану, бейнематериалдармен жұмыс, сабақтың білім беру мақсаттарына қол жеткізуге ықпал етті, оқушылардың танымдық қызығушылықтарын ынталандырды. Барлық қажетті оқу материалдарын мұғалім Padlet онлайн тақтасына орналастырды.

    Оқушылар сабақ бойы ұйымшыл, белсенді болды. Оқушылардың негізгі білім мен дағдыларды игеру деңгейі әр түрлі, бірақ олар білімді, біліктілікті және дағдыларды шығармашылықпен қолдана алады.

    Оқушыларға топпен, жеке әр түрлі жұмыс түрлері ұсынылды. Сабаққа облыс мектептерінің 92 мұғалімі қатысты.