«Үздік жыл психологы» республикалық конкурсының қорытындысы

     

    Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2023 жылғы 1-3 наурызда Алматы қаласында  «Үздік жыл психологы» республикалық конкурсын өткізді. Оның мақсаты – кәсіби құзыреттіліктерді шебер меңгерген талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін психологтарды анықтау, оларды қолдау және көтермелеу.

    Қостанай облысының атынан Әулиекөл, Алтынсарин, Қарабалық аудандары мен Арқалық қаласынан 4 педагог-психолог қатысты.

    «Үздік жыл психологы» республикалық байқауының қорытындысы бойынша «Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Силантьев жалпы білім беретін мектебі» КММ педагог-психологы Людмила Александровна Детянцева І орынды және «Қарабалық ауданы білім бөлімінің Тоғызақ жалпы білім беретін мектебі» КММ педагог-психологы Әсем Әміржанқызы Жұмағалиева ІІІ орынды иеленді.

    Құттықтаймыз!