«Елбасы Академиясы» КҚ Білім күні қарсаңында балаларды қолдау орталығы оқушыларына көмек көрсетті
Мектепке жол» қайырымдылық акциясы Қазақстанда жыл сайын оқу жылының қарсаңында өткізіліп келеді. Мақсаты – аз қамтылған, көп балалы отбасылардың, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсету. Өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталықтары мен Қазақстан бойынша кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының тәрбиеленушілері мектепке қажетті керек-жарақтары бар портфельдерге ие болды. «Елбасы Академиясы» КҚ «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында елдегі барлық орталықтарға көмек көрсетті, барлық қамқорлыққа алынған бастауыш сынып оқушыларына кеңсе тауарлары жиынтығы бар портфельдер тапсырылды. «
«Біз үшін мұндай акция жыл сайынғы дәстүр. Біз әртүрлі әлеуметтік санаттағы балалармен, соның ішінде өмірлік қиын жағдайдағы балалармен тығыз жұмыс істейміз. Балаларға назар аудару, олардың жалғыз еместігін білдіру, оларға көмекке келетін жандар аз емес екенін көрсету маңызды деп санаймын. Осы акция аясында біз нақты мысалмен қоғамның оларды қолдауға дайын екенін көрсеткіміз келеді. Әрине, осы балалар жобаларымыздың ертеңгі қатысушылары деп үміттенеміз. Қордың қолдауын сезінген бала өзінің болашақтағы дамуына серпін алады деп сенемін», – дейді Асланбек Амрин.
Өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталықтарының (БҚО) және кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының (КБО) тәрбиеленушілері – өмірлік қиын жағдайы бар балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар. Қазақстанда барлығы 18 БҚО және 10 КБО жұмыс істейді. 31 тамызға дейін «Мектепке жол» акциясы аясында барлық орталықтар, оның ішінде Қостанай облысының кәмелетке толмағандарды бейімдеу және қиын өмірлік жағдайдағы балаларды қолдау орталықтарының 16 тәрбиеленушісі қажетті көмек алды.