РФММ жазғы мектебі

    2 маусымнан 12 маусымға дейін Алматы қаласына, Жәутіков атындағы республикалық физика-математика мектебіне, Жазғы мектеп жұмысына қатысу үшін 7-8 сыныптардың 25 оқушысы шақырылды.

    Балалардың республиканың үздік мектебінде болуына керемет мүмкіндік туды. Республикалық олимпиада қорытындысы бойынша РФММ еліміздегі үздік 100 мектептің көшін бастады.

    Оқушылар математика, физика, информатика және ағылшын тілі пәндері бойынша білімдерін жетілдіре алады. Ал 7-сынып оқушылары РФММ оқуға қабылдау емтиханын тапсыруға мүмкіндік алады.

    Балаларды мектептің үздік педагогтарымен қызықты сабақтар ғана емес, жазғы мектепке шақырылған Қазақстанның басқа өңірлерінен келген балалармен араласуға жол ашатын түрлі кешкі бағдарламалар да күтіп тұр.