Республикалық ауыл олимпиадасына қатысушыларды тіркеу аяқталды
Ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиадаға қатысушыларды тіркеу аяқталды.
Биылғы жылы олимпиадаға Қостанай облысының 18 өңірінен 3160 оқушы қатысады (өткен жылы – 2515 оқушы). Олимпиадаға Қостанай (439 оқушы), Әулиекөл (345 оқушы) және Амангелді (290 оқушы) аудандарының оқушылары үлкен қызығушылық танытты.
Олимпиаданың 13 пәнінің ішінен ең көп қатысушы биология (430 қатысушы), Қазақстан тарихы (417 адам) және математика (364 адам) пәндерін таңдады.
Олимпиаданың бастапқы кезеңі а.ж. 25 қыркүйегінде басталады, оның қорытындысы бойынша өз пәндері бойынша ең жоғары балл жинаған оқушылар іріктеліп алынады.