Ө. Жолдасбеков атындағы оқушылардың математика және механика бойынша зерттеу жобаларының халықаралық конкурсы

Дата:
06.03.2024

2024 жылғы 5-6 наурызда Алматы қаласында академик Смағұлов атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты базасында Ө. Жолдасбеков атындағы оқушылардың математика және механика бойынша зерттеу жобаларының халықаралық конкурсы өтті.

Еліміздің барлық өңірлерінен қатысушылар «Математика», «Қолданбалы математика», «Экономикадағы математикалық әдістер», «Механика» секцияларында жобаларын таныстырды.

Қостанай облысының атынан Арқалық, Қостанай қалалары, Сарыкөл ауданы мен «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатынан 11-сыныптың 6 оқушысының 5 жобасы – оқушылардың Республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі жүлдегерлері қатысты.

Конкурстың қорытындысы бойынша қазылар алқасының мүшелері 3 жобаны марапаттады: оның ішінде 1 жоба – I орын және 2 жоба – ІІІ орын алды.

 

Қатысушының ТА

Секция

Мектеп

Орын

  1.  

Оразбай Нұрхан

Механика

«Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты

І

  1.  

Байдильдинова Аружан

Математика

Қостанай қаласы, С. Мәуленов атындағы гимназия

ІІІ

  1.  

Болатбек Аяжан

Экономикадағы математикалық әдістер

Арқалық қаласы, А. Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясы

ІІІ

Оқушылар мен олардың тәлімгерлерін лайықты жеңістерімен құттықтаймыз!

Оставить комментарий