«Кітап - асыл қазына» конкурсының қорытындысы

     

      

     

     

    «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында және «Қостанай дарыны» ӨҒПО жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылғы 27-28 қаңтар аралығында «Кітап – асыл қазына» классикалық әдебиет шығармаларын оқудың облыстық конкурсы өткізілді. Конкурсқа 7-9 сыныптардан 1327 оқушы қатысты: Ә.Қалдыбаевтың «Мен – апамның баласымын» шығармасы бойынша 483 оқушы және В.Железниковтың «Чучело» шығармасы бойынша 844 оқушы.

    Тестілеу қорытындысы бойынша 594 оқушы жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде 126 оқушы Ә.Қалдыбаевтың «Мен – апамның баласымын», 468 оқушы В.Железниковтың «Чучело» шығармалары бойынша жүлдегер атанды. 335 оқушыға сертификат берілді.

    Қостанай 236), Б.Майлин ауданының (161), Амангелді (109), Федоров ауданндарының (99) оқушылары белсенділік танытты.

    Өңірлер арасында кітап оқу бойынша Қарабалық, Қамысты, Сарыкөл, Меңдіқара аудандарының оқушылары жоғары нәтиже көрсетті.

    Сертификаттар мен дипломдар мына сілтеме

    https://drive.google.com/drive/folders/13qfv2Atv8KizYZjWv1Kw3uOpdpUerHPf?usp=sharing  бойынша 2022 жылдың 15 ақпанынан бастап қолжетімді болады.

    Құттықтаймыз!

     

    ИТОГИ