Хемоинформатика бойынша вебинары

    2020 жылдың 14 мамыр күні хемоинформатика бойынша вебинары өтті. Вебинар облыстың білім беру ұйымдарының химия мұғалімдеріне арналған.

    Жаттықтырушы - Карина Ансагановна Нугуманова, «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының информатика пәнімұғалімі.

    «Хемоинформатика» курсының бірінші сабағы теориялық сипатында өтті. К.А. Нугуманова вебинарға қатысушыларға хемоинформатика дегеніміз не екенін түсіндірді, пайдалы сілтемелермен: химиялық құрылымдардың көпшілікке арналған дерекқорларымен, химиялық ақпараттарды қамтитын көпшілік дерекқорлармен бөлісті, сондай-ақ химияны зерттеу кезіндегі бірнеше бағдарламаларға және олардың мүмкіндіктеріне тоқталды.

    Сабаққа Лисаков, Арқалық қалаларынан, Қамысты, Қарабалық, Науырзым, Сарыкөл және Федоров аудандарының білім беру ұйымдарынан 26 педагог қосылды.