«Дарынды балалар - ұлт мақтанышы» тақырыбында білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі

    2023 жылғы 24-25 тамызда республика бойынша «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» тақырыбында білім беру қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз кеңесі өтті. Биылғы жылы республикалық тамыз кеңесі жаңа форматта өтті: жинақталған жұмыс тәжірибесін ұсыну үшін республиканың 20 өңірі тақырыптық бағыттарға бөлінді.

    Тамыз кеңесіне қатысу үшін Қостанай облысының педагогтары Ұлытау облысына шақырылды. Іс-шараға республиканың барлық облыстарының өкілдері қатысты. Конференцияда Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Гүлназ Сүлейменова, тарих және қоғамдық ғылымдар Академиясының академигі, PhD докторы Сатанов Арыстан Болатұлы, «Ертіс дарыны» орталығы директорының орынбасары Сұрағанова Айсұлу Ұзақбайқызы, «Шығыс дарыны» орталығы директорының орынбасары Елемесова Гүлжан Әмірқызы және мамандандырылған мектептердің мұғалімдері сөз сөйледі. Олар білімнің түрлі салаларындағы тәжірибелерімен бөлісті және дарынды оқушыларды оқыту және дамыту бойынша өз ұсыныстарын білдірді.

    Кездесу соңында конференцияға қатысушылар үшін Жезқазғаннан солтүстік-шығысқа қарай 50 км жерде орналасқан Жошы хан кесенесі - XIII ғасырдағы сәулет ескерткішіне экскурсия ұйымдастырылды.