«El Umiti» корпоративтік қоры Қостанай облысында «Qabilet» жобасын таныстырды
27 және 28 сәуір күндері Қостанай педагогикалық колледжі базасында «El Umiti» корпоративтік қоры «Qabilet», «Мың бала», «Smart Ustaz», «Тәуелсіздік дәуірі» және «Birge oqu» білім беру жобалары бойынша ашық есік күнін өткізді. Жобалардың басты мақсаты – мектеп оқушыларының, мұғалімдердің қабілеттерін дамытып, оқуға жаңа мүмкіндіктер беру.
«Qabilet» жобасының таныстырылымы «Мектеп оқушыларының қабілеттерін диагностикалау және «4К» дағдыларын дамыту әдістері» тақырыбындағы тренинг түрінде өткізілді. Тренингке Қостанай облысының білім беру ұйымдарының 54 педагог-психологы қатысты.
Абай атындағы ҚазҰПУ оқытушысы, психология ғылымдарының кандидаты Е.Д. Абишева мен Абай атындағы ҚазҰПУ-дың аға оқытушысы С.А.Тукебаева жетекші сарапшылар ретінде сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологияларын ұсынды.
Психологтар «Қарым-қатынастар мен концепцияларды анықтау», Г.Эббингауз әдісі, «EQ IQ-дан жоғары», «Эмоциялардың сиқырлы елі» проективтік әдіс және т.б. әдістемелерді зерттеді. Тыңдаушылар әсіресе балалармен психологиялық кеңестер өткізуге қызығушылық танытты.
Іс-шара сертификаттарды салтанатты түрде тапсырумен аяқталды.
@el_umiti.kz