ТжКББ студенттері үшін қашықтық олимпиаданың қорытындысы

     

      

     

     

    2022 жылдың 1-4 ақпанында Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының бірінші курс студенттері үшін облыстық қашықтық олимпиадасы өтті.

    Олимпиада төрт пән бойынша өтті: ағылшын тілі, география, Қазақстан тарихы және қазақ тілі мен әдебиеті.

    Олимпиадаға Қостанай облысы колледждерінің 2 081 студенті қатысты. Қатысушылар қазақ тілі мен әдебиеті (644 қатысушы) және ағылшын тілі бойынша (602 қатысушы) олимпиадаға үлкен қызығушылық танытты.

    Олимпиаданың жүлдегерлері 405 студент атанды, олардың 50-і 1-ші орынды, 185-і екінші және 170-і үшінші орынды иеленді. Қатысушылар қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен тапсырмаларды әлдеқайда жақсырақ орындады (%сапасы - 28,4%).

    Барлық қатысушылар сертификаттар алды, ал жүлдегерлерге «Қостанай дарыны» ӨҒПО дипломдары берілетін болады.

     

    ИТОГИ