«Qabilet» қызметі Қарабалық ауданының мектеп психологтарынасеминар өткізді

    2022 жылғы 28 қарашада «Qabilet» қызметінің қызметкерлеріАқанбаев Бағлан Нұрланұлы мен Жұмабаева Динара Амандыққызы Қарабалық ауданының білім беру ұйымдарының мектеп психологтарына «Qabilet» қызметінің диагностикалау платформасымен және әдістемелерімен жұмыс істеуді түсіндіру бойынша семинар өткізді.

    17 педагог-психолог «Qabilet» қызметімен 7-11 жас аралығындағы балалардың қабілеттерін диагностикалау нұсқаулығымен танысты, 4К шеңберінде даму қабілеттерін дамытатын 10-11 жастағы балаларға арналған тестілеу және психологиялық жаттығулар түрінде берілген әдістемелерді зерделеді.