«Өз өлкеміздің тарихи тұлғалары» вебинары

    2020 жылғы 24 сәуір күні «Өз өлкеміздің тарихи тұлғалары» вебинары өтті.

    Спикері – Роза Мирамбековна Туралина, Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-интернатының тарих мұғалімі.

    Сабақ театр және кино актері, Қазақ ССР Халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері, Сталин премиясының лауреаты Сералы Қожамқұловтың өмірі мен шығармашылығына арналды. Сералы Қожамқұлов – біздің жерлесіміз, Торғай облысында туған. Ол алғашқы қазақ кәсіби актерлерінің бірі, тұңғыш қазақстандық киноактері, Қазақстандағы драмалық театр өнерінің негізін қалаушы.

    Сабаққа Қостанай, Лисаков, Арқалық қалаларынан, Жітіқара, Федоров аудандарынан, Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернатынан 28 оқушы мен педагог қатысты.