Математика пәнінен қашықтық олимпиаданың қорытындысы

    2023 жылдың 21-22 ақпанында 7-10 сынып оқушылары үшін математикадан облыстық қашықтықтан олимпиада өтті.

    Олимпиадаға облыстың барлық өңірлерінен 2 964 қатысушы, оның ішінде ауылдық мектептерден – 1 814 қатысушы (немесе 61,2%) қатысты. Ең белсенді өңірлер Қостанай қ. (414 оқушы), Рудный қ. (418 оқушы) және Қостанай ауданы (359 оқушы) болды.

    Оқушылар арасында ең белсенді 7-сынып оқушылары – 1060 қатысушы болды.

    Олимпиада жүлдегерлері 303 оқушы болды, оның 100-і 1 орын, 82-сі екінші, 121-і үшінші орын алды. Өңірлер арасында Қамысты (35,6 %) және Ұзынкөл (25,6% сапа) оқушылары жоғары нәтижелілік көрсетті.

    Барлық қатысушылар сертификат алды, ал жүлдегерлерге «Қостанай дарыны» ӨОӘО дипломдары беріледі.

     

    ИТОГИ