Жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндері бойынша республикалық он-лайн олимпиадасының қорытындысы
2020 жылғы 14 және 21 мамыр аралығында республиканың білім беру ұйымдарының 9-11 сынып оқушылары үшін «Қазақ тілі», «Орыс тілі», «Ағылшын тілі», «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы» және «Құқық» пәндерінен жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндері бойынша республикалық он-лайн олимпиадасы өтті.
Олимпиаданың негізгі мақсаты – оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағытын терең зерделеуге деген қызығушылығын ынталандыру, дарынды балаларды, олардың қашықтан оқыту кезіндегі тұлғалық өсімін қолдау үшін қажетті жағдай жасау.
Олимпиаданың барлық қатысушыларына 50 көпдеңгейлі тест тапсырмаларын орындау ұсынылды. Пәндер бойынша Олимпиаданың өту уақыты 120 минут. Ең жоғары балл – 110.
Олимпиадаға елдің барша өңірлері қатысты. Олимпиада Қағидаларына сәйкес қатысушылардың жалпы санынан 25% І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады.
Олимпиада қатысушыларының жалпы санынан 1995 оқушы – бұл Қостанай облысының білім беру ұйымдарының, соның ішінде Қостанай қ. ФМБ НЗМ оқушылары. Облыс қатысушылары орыс тіліне (449), қазақ тіліне (409) және ағылшын тіліне (364) қызығушылық танытты. Олимпиаданың қорытындысы бойынша Қостанай қ. (486), Қостанай ауданының (212 оқушы) және Арқалық қ. (162) оқушылары аса жоғары белсенділік танытты.
Бұл олимпиадаға Денисов (4 оқушы), Меңдіқара (6) және Жангелдин (9) аудандары оқушыларының қатысу көрсеткіші төмен.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша Қостанай облысының білім беру ұйымдарының 727 оқушысы, оның ішінде Қостанай қ. ФМБ НЗМ 10 оқушысы жүлдегер болды. Олимпиаданың қорытындысы бойынша орыс тілі (сапа % - 48), ағылшын тілі - 39,3% және дүниежүзі тарихы бойынша – 38,8% қатысушылары аса жоғары нәтижелілік көрсетті
Өңірлер арасында Қостанай ауданы (49,5%), Қостанай қ. (44,2%), Сарыкөл (42,4%) жақсы нәтиже көрсетті. Мамандандырылған білім беру ұйымдары арасында «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының оқушылары – 32,6%, дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының оқушылары - 28% Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының оқушылары 20% көрсетті.
Б. Майлин, Қамысты және Алтынсарин аудандарының оқушылары төмен қатысу сапасын көрсетті.